Кешіре біл – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Кешіре біл» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кешіре біл.
Кешіре біл, жақыныңды, жарыңды,
Сатқындықты, жауратса да жаныңды.
Өткеніңе өкінбеші өйткені,
Пешенеңе бұйырғаны жазылды.

Кешір досты, қамықпағын ісіне,
Жақсы адамның жұмақ кірсін түсіне.
Сені шалып, тілдегенге ренжімей,
Көңіл бөліп, бағыт сілте кішіге.

Жандар қанша тағдырымен ойнаған,
Алда қандай өмір барын ойланам...
Еркіндікті иемденсе ерке таң,
Түнек түндер, күн жұтуын қоймаған.

Жақсылықтың ғажап нұры - көзіңде,
Жүрек кілті - жұмсақ жылы сөзіңде.
Мұз сүлдені ерітеді махаббат,
Сабырлылық саялайды төзімге.

Ізгіліктен жарық алсын жүрегің,
Түн түндігін таза күнмен түремін,
Қолда барын бағалайтын баршаға,
Сəттіліктің сыбағасын тіледім.

Алтынай Алиева 6.04.2019ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешіре біл өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Кешіре біл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешіре біл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алтынай Алиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешіре біл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері