Арды ойла – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Арды ойла» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сенемін саған жарық күн,
Бақытқа лайық ғаріппін.
Жүрегім соғып тұрғанда,
Түндігін тілсем тамұқтың.

Жақсымен жаман ауысқан,
Төзімді тарлық тауысқан.
Жалғандық жапқан жамылғы,
Санаға сіңіп жабысқан.

Арамдық сүйреп сүлдені,
Жауыздық жайлап гүлдеді.
Мейрімін төгіп "үлкендер"
Кішіге қарап күлмеді.

Кешіккен бақыт көшінен,
Көздерді көрсем күрсінем.
"Бармақтай" ғана бақытын,
Бағаламайтынның "есі кем"

Бəріне бастау болатын,
Таза ниетті сағатың.
Балаға қалар қазынаң
"Жақсы атың" азық алатын.

Жылдарың жылжып өткенде,
Толғандырмас, көктем де,
Тəнің түсетін топырақ-
"Төсегіңе" жеткенде...

Тарлықта қалар жанды ойла!
Бауырменен жарды ойла!
Ұрпағың ұран қылатын,
Артыңда қалар - Арды ойла!

#жүректегіжазбалар
#Алтынай_Алиева 30.11.2018ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арды ойла өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Арды ойла өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арды ойла өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алтынай Алиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арды ойла өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері