Шабыт

Бұл бетте «Шабыт» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4263
Салауат деп,
Дұға оқып өткендерге,
Жасарады дүние көктемдерде.
Шабыт керек сол кезде,
Шабыт бірақ
Өз бетімен келмейді күткендерге.
Бола бермей үнемі ми жағында,
Өзіңді өзің тұтатып,
Күй жалынға!
Тұсауы жоқ шабыттың,
Шідері жоқ.
Шідерсіз ат жүре ме үй жанында!
Бірі мәз боп күлгенмен,
Бірі налып,
Ақын деген жандары сірі халық.
Ақын болсаң,
Арғымақ шабытыңды
Іздеу керек жүген ап,
Құрық алып.
Туған жерге жата қап бір аунамай,
Тәулік бойы шырқайды жырау қалай?!
Тұлпар шабыт жер тарпып
Өздігінен
Келе қоймас
Шақырмай,
Құрауламай!
Мен де талай, бауырым, жер көргем-ді.
Дауыл ғана қозғайды жел диірменді.
Жел боп сипа жалынан.
Пырағыңдай
Ол да жақсы көреді жем бергенді.
Айналайын,
Ақбақай,
Ақтабанды —
Қолдан келсе —
Тағалар тап тағаңды!
Алдын ала суытып
Жүйріктердей
Ол да жақсы көреді баптағанды.
Қызған кезде тірліктің тойы мына,
Ойқастап ол қосылар ойыныңа.
Шабыт-асау.
Қылықты балдызыңдай
Ол асыла кетпейді мойыныңа.
Ерітетін іштегі жүрген мұзды
Тапса шабыт жақсы ғой бірден бізді.
А-ай, таппайды-ау!..
Өздері келеді деп
Күтпес болар ақындар жыр мен қызды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабыт өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Шабыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шабыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері