Үш тал гүл

Бұл бетте «Үш тал гүл» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 992
Күткені келмей...
Күптігөй көңіл күнде алаң.
(Жоғалтып алған болар ма сені бұл ғалам?)
Ауқат пен саухат ауруханадан да табылар,
Келетін болсаң, ала кел үш тал гүл маған.
Келетін болсаң...
Ала кел маған үш тал гүл,
Құштармын гүлге,
Саған да, жаным, құштармын.
Аядай ғана бөлменің мынау ішінде
Қырмызы күннің қызығынан мүлде тыс қалдым.
...Ала кел маған ақ, сары, қызыл – үш тал гүл,
Сергісін көңіл,
Сейілсін бастан дұшпан-мұң,
Кезек пе кезек жұпарын жұтсам иіскеп,
Келер мe, бəлкім, басымнан бағзы ұшқан күн...
Сары гүл –
Менің сарғайған сартап сабырым,
Денемді өрттей шарпыған дертке дəрі бұл
Сары алтын тектес сабырыма тілеп саламат
Сағынышымды өзіме сыйла, жарығым.
Қызыл гүл –
Үлбір ұятына ұқсас жүзіңнің,
Жүзіңе қанша үздіге қарап үзілдім...
Қызыл гүл иіскеп,
Қызыл шарап ұрттап,
Қыз сүйіп..,
Өтіп те кетті-ау бұл бастан не бір қызу күн!.
Ал Ақ гүл –
Жаным, өзі екен арман-қанаттың,
Таңдарды таңға жалғайтын талмас талап бұл.
Көзімді менің терезе жаққа телміртіп,
Бөлмеге мынау қойды екен мені қамап кім?..
...Сарғайтты мені санаусыз бастан ұшқан күн,
Сергісін көңіл,
Сейіліп кетсін дұшпан-мұң,
Зəуеде, жаным, келетін болсаң жол түсіп,
Ала кел маған ақ, сары, қызыл – үш тал гүл...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш тал гүл өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Үш тал гүл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш тал гүл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш тал гүл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері