Өмірбаян – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өмірбаян» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1141
Сен менің тағдырыма таңырқама:
Ақпанда айналамын ақ ұлпаға.
Тарылып Күздікүні жайлау-жайым,
Кеземін тұман болып тау қойнауын.
Аспанның алтын алау Шамын жағып,
Кілкимін Жазғытұры сағым болып.
Көктемде бүршік жарып, тамыр жаям...
Сұрасаң, мендегі осы Өмірбаян.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірбаян өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өмірбаян өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірбаян өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірбаян өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері