Ғашықтар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ғашықтар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 826
Қызыл-жасыл көктемде
Қызғалдақты беткейге
Қыз бен жігіт кетпей ме,
Əңгіме, сыр шертпей ме...
Бұлт бауыры сөгіліп,
Ақ нөсерін сеппей ме?!
Бұлт жеңкіліп қашпай ма,
Алатаудан аспай ма,
Күн дидарын ашпай ма,
Ғашықтардың үстіне
Нұрдан шашу шашпай ма?!
Күн жиекке батпай ма,
Жерді ымырт жаппай ма,
Ай бозарып атпай ма...
Көкте жұлдыз жамырап,
Анда-санда ақпай ма?
Жұлдыз жəймен сөнбей ме,
Қыз жігітке сенбей ме,
Құшағына енбей ме,
Қайда барса, көнбей ме...
Ал сонан соң... Ауылға
таң алдында келмей ме?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашықтар өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ғашықтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашықтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашықтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері