Аямай жанға жүк арттым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аямай жанға жүк арттым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 711
Аямай жанға жүк арттым,
Ақымақпын ба, қандаймын?
Өзiмдi-өзiм жылаттым,
Өзiмдi-өзiм алдаймын.
Басыма шапты бар қайғым,
Баянын таппай аз бақыт...
Қобыздай қоңыр сарнаймын
Жүректiң қылын қоздатып.
«Бəрi де бəрi кеш, – деймiн, –
Келмеске кеттi кекiлдiм...»
Өзiмдi-өзiм кешпеймiн,
Өзекте өксiп жетiм мұң.
Жапанға көздi сатам да
«Қайрылмас, – деймiн, –
ендi ол қыз».
Осынау жəми жаһанда
Жаратқан жалғыз,
Мен жалғыз.
Жайғанмен жанды алғаусыз,
Еншiме кеттi енбей бақ.
Аяулы жаннан аңдаусыз
Айрылып қалған мен – бейбақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аямай жанға жүк арттым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Аямай жанға жүк арттым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аямай жанға жүк арттым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аямай жанға жүк арттым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері