Сұлулық – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сұлулық» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1724
Сұлулық-ай, сұлулық, жанды жедiң.
Жазылмайтын дертiм бе ең мəңгi менiң?
Əлемiне бiржола ендiм бiлем
«Мың бiр түндей» ғажайып əңгiменiң.
Сұлулық-ай, сұлулық, жанды жедiң.
Қашан саған мейiрiм қанды менiң?
Жалғыз ауыз бəдəуи бəйiтi үшiн
Бар қызықтан баз кешкен бəңгi ме едiм?
Сұлулық-ай, сұлулық, жанды жедiң.
Бағым ба, əлде сорым ба балғын өңiң?
Ойнаса еттi қолымда қос бұрымың,
Оралса еттi мойныма тал бiлегiң!..
Сұлулық-ай, сұлулық, жанды жедiң.
Тараса еттi бойыма таңғы лебiң.
Сен екенсiң, жалғанда жалғыз емiм,
Көкiрегiмнен көшкенше мəңгi демiм!..
Сұлулық-ай, сұлулық...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлулық өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сұлулық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлулық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлулық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері