Жаңа жылға – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Жаңа жылға» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1580
Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Не әкелдің сен бiзгe?
Бау-бақшаң толған гүл,
Төлдерің семіз бе?
Бауырсақ, балмұздақ,
Кәмпитке молсың ба?
Бiздi алға барғызбақ
Сен жаңа жолсың ба?
Жаңадан көп түрлі
Машина бергейсің,
Жаңадан көк сырлы
Үйлерге кіргейсің.
Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Жаңалық ізде сен!
Жаңа ән, жаңа жыр
Жазып бер бiзгe сен!
Жаңа жыл! Даналар
Туғанын көргейсің, —
Жасасын аналар,
Сәбилер көбейсін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа жылға өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жаңа жылға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа жылға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңа жылға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері