Соңғы кездесу
Бұл бетте «Соңғы кездесу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Ашық айтам, адал сырды аңғар, қыз,
Біз екеуміз екі басқа жандармыз.
Өмір бойы жалғаспайтын жолдармыз,
Өмір бойы алға аспайтын арманбыз.
Сенің ойың:
қасыңнан бір шықпасам,
Бірге болсам жүрсем,
тұрсам, ұйықтасам.
Жігіт болып бір қалауым жүрмесе
Қара жерді қалай ғана нық басам?!
Менің ойым:
өзіме аян о бастан –
Шалқар айдын,
сайын дала,
көк аспан.
Айдай əсем арманымның ақ жүзін
Жүрегімнен басталатын жол ашқан!
Сенің ойың:
көзден таса жібермеу,
Арғымақты байлау, тұсау,
шідерлеу.
Менің ойым:
өмір барда – бір өрлеу,
тіршілікте тығырыққа тірелмеу.
Айта алмасақ қатар тұрып бір əнді,
«Жол қоспаған,
сор қосқан, – дер, – бұларды».
Атам қазақ арда өсірген қашанда
Азаматты,
Арғымақты,
Қыранды.
Жыласаң да, қарасаң да мөлдіреп
Ерімейді енді саған тоң жүрек.
Мынау түнге тыныш ұйқы тілейік
Екеумізді кездестірген соңғы рет.
Арып-азба армандаумен, аңсаумен,
Тағдырыңа жарық сепсін таң сəулең.
Тұнжырама жолайырық тұсында,
Қолыңды бер, қоштасайық, ал, сау бол...
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі