Егемендік ел мерейін өсірсін

Бұл бетте «Егемендік ел мерейін өсірсін» атты Гүлсана Тілеубекова жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 5376
Тәуелсіздік тамаша ұғым білгенге,
Келмейтұғын әрбір елге бірдемде.
Егемендік ел мерейін өсіріп,
Не жетеді тыныш өмір сүргенге.

Арман болған қазағыма ежелден,
Сонау зұлмат,ашаршылық кезеңнен.
19 жыл Отан болдық Тәуелсіз,
Бостандықтың шын қадірін сезем мен.

Барша әлемге бүгін біздер танылдық,
Құрметтейді төрткүл дүние,қалың жұрт.
Барлық дінді қастер тұтып,қадірлеп,
Алла ісіне шын жүректен бағындық.

Қуаныштар кернеген соң бойды анық,
Тәуелсіздік жатыр жылда тойланып.
Салиқалы өткізуге Саммитті,
Жатыр елім тас түйін боп сайланып.

Көз жіберсек өткен күнге тереңнен,
Баба арманын бағдаршамдай көрем мен.
Бодан болсақ бір кездері өзгеге.
Қазір елім ен байлыққа кенелген.

Тұғырлы боп Тәуелсіздік аңсаған,
Тыныштықпен соға берсін таң самал.
Тәуелсіздік ашық-жарқын тойлансын,
Қуаныштан бақыт-тауып барша адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Егемендік ел мерейін өсірсін өлеңінің авторы кім?

Гүлсана Тілеубекова — осы өлеңнің авторы.

Егемендік ел мерейін өсірсін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Егемендік ел мерейін өсірсін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Егемендік ел мерейін өсірсін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері