Қай жаққа, құйын көңлім, ала қаштың – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қай жаққа, құйын көңлім, ала қаштың» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 772
Қай жаққа, құйын көңлім, ала қаштың,
Шабытқа шарапсыз-ақ шала маспын.
Жазықсыз жылап сәби жапырақтар,
Таласып төсін емер мама-ағаштың.
Киіп ап сап-сары ала күзден ішік,
Сыбырлап бір-бірімен жүз көрісіп.
Жамырап жапырақтар желқайықпен,
Тамырын тарап кетер іздеп, ұшып.
Қаталдық дің бойына дарымай түк,
Қыс өтсе... келер дей ме бәрі қайтып.
Жалаңаш жапырақсыз айдалада,
Ана ағаш солқылдап тұр зарын айтып...
Өткенін... көктем болып шақырамын,
Шақырсам, қайрылмайды “ақымағым”.
Іздеймін... төмен қарап топырақтан,
Іздеген ана-ағаштай жапырағын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қай жаққа, құйын көңлім, ала қаштың өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қай жаққа, құйын көңлім, ала қаштың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қай жаққа, құйын көңлім, ала қаштың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қай жаққа, құйын көңлім, ала қаштың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері