Ағалар

Бұл бетте «Ағалар» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1274
Ардақты асылзада ағалар-ай,
сендерді жүрміз бе әлі бағаламай,—
өнеге емес пе еді өмірлерің,
көңілің
көлден ұшқан шағаладай.
Алдырмай асу бермес өрге белін,
серт берсе —
семсер болып сермелерім,
біздерді қыл көпірден өткізген де,
бұл күнге жеткізген де сендер едің!
Ес тұтып өздеріңді өспеп пе едік,
қашан біз алдарыңнан кескектедік,
сендерді дауға қойды ел,
жауға қойды,
қарулы қолдарыңа кескек беріп.
Жаралған жөні бәлек ұл едіңдер,
тілеуін туған елдің тіледіңдер,
жыртығын жамадыңдар қара жердің,
иықпен аспанды да тіредіңдер.
Біз үшін дауылға да дара барар,
аман-сау жүріңдерші,
нар ағалар,
ұл бар ма болам дейтін,
толам дейтін,
алдымен өздеріңе қарап алар.
Кеншілер,
кемеңгерлер,
ғұламалар —
жарқылдап арамызда жүр ағалар.
Бұлт қонса басымызға,
бақыт үркіп —
қасқайып,
қарсы қарап тұра қалар!
Ардақты асылзада ағаларым,
өтсін жыл,
өтсін өмір —
санама күн,—
ызғарға алдырмайды ел сенімі,
біз барда жыртылмайды жағаларың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағалар өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ағалар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағалар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағалар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері