Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі

Бұл бетте «Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі,
Енді біліп отырсың ба, Сен мұны?
Көз ашқаннан жоқтық көрген баланың -
Шырқыраған шығар шықпас енді үні.
Қорған бұзып... қолға қонар қандай бақ,
Қанат жайып келеді аппақ таң жайлап.
Көк аспанға терезеден қарайды, ол -
Жүрек жалғар, бір жапырақ нанды ойлап.
“Тағдырды ” осы... тойған біреу шеше ме,
Дейді, көрсе, “пешене” ғой, “пешене”.
Қалай өлең жазады ақын көз сатып -
Азып-тозып жүрсе арулар көшеде?..
Қаңтарылып қалды қиял, желқайық,
Адамдардың ақ жүзінен әр тайып.
Жарық дүние жасарудың орнына,
Қауіптенем, бара ма деп қартайып?...
Біреу олай, біреу былай, белгілі,
Құпия емес, есептеулі “кеңдігі”.
Ертелі-кеш егеп, жаншып жүйкені -
Жүрегімді ауыртады “ел” мұңы.
Ұқсайды өмір, тастан құйған мүсінге,
Бір тамшы су тегін бермес, ішуге.
Қолдан-қолға Домалайды сырғанап,
Ала Дүние, ала дорба ішінде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері