Ғарышкерлер – қырандар – Сұлтан Қалиев

Бұл бетте «Ғарышкерлер – қырандар» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ғарышкерлер,
Ғарышкерлер
Қиял құсын түлеткен
Ұлы Отанның,
Гүл Отанның
Мәртебесін ту еткен.
Тоқтар, Талғат –
Көкте самғап,
Биік ұшқан қырандар.
Ағаларға,
Қарап
Алға
Өсеміз біз ұландар.
Ән тербеген,
Даңқы өрлеген
Байқоңырдан самғаған
Ғарышкерлер,
Ғарышкерлер
Ерлік жолын жалғаған.
Тоқтар, Талғат –
Көкте самғап,
Биік ұшқан қырандар.
Ағаларға
Қарап
Алға
Өсеміз біз ұландар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері