Жас түлектер жыры

Бұл бетте «Жас түлектер жыры» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Білімге біз, туған ел, құмар ұл-қыз –
Арман қуған жас түлек, ұланыңбыз.
Нұрағадай ертең-ақ талай-талай
Арамызда жарқырап тұрар жұлдыз.

Қайырмасы:
Нұрға бөлеп әрдайым тұрар маңын,
Арамыздан сан мыңдап шығар дарын.
Сеніміңді арт, туған ел, ұрпағыңа,

Алға батыл самғайды ұландарың.
Сан алуан мамандар еңбегін де
Лайықты өнермен тең көруге.
Озық ойлы ғылымның небір сырын
Асығамыз тезірек меңгеруге.

Қайырмасы.
Талпынбаса бұйырған өнер кімге,
Талаптыға шуағын төгер күн де.
Талпынамыз шыңдарға, асқарларға,
Талпынамыз табысқа кенелуге.

Қайырмасы.
Әрбір күнге жеңіспен аттағанда,
Кеуде соғар біз емес мақтағанға.
Қазақстан туған ел – ұлы анамыз,
Үмітіңді бола ма ақтамауға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас түлектер жыры өлеңінің авторы кім?

Сұлтан Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Жас түлектер жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас түлектер жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтан Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас түлектер жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері