Есіл мен Көкше – егіз ел

Бұл бетте «Есіл мен Көкше – егіз ел» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ерке Есіл, кербез Көкше – әлімсақтан
Егіз ел қоныс тапқан бір құшақтан.
Қыз беріп, қыз алысқан ағайын ел,
Абылай, Кенесары дәм-тұз татқан.
Жайласақ Есіл өзен алты алқасын,
Шырқадық Сегіз сері «Гауһартасын».
Құлагер өліміне бірге жылап,
Екі көз бірге сүрттік аққан жасын.
Бодандық белгі орнатып бел-белеске,
Ел бөлген қай қылығы келмес еске.
Қайтадан көгілдір ту аясында
Қосылды ерке Есіл, кербез Көкше.
Арамыз неге, достым, ыдырайды,
Бәріміз қуат еттік бір Күн-Айды.
Бөлмейміз Сәбит, Ғабит, Мағжандарды,
Бөлмейміз Ақан, Біржан, Ыбырайды.
Ақ қайың, қыз-қарағай оқалымыз,
Жұлдыздай ортақ дана Шоқанымыз.
Татумыз барлық ұлттың баласымен,
Дербес ел Қазақстан – Отанымыз.
Көш бастап жаңа тілек алға бұрса,
Жөптедік болашаққа жанған нұрша.
Бірлесіп, білек қосып бірге өсейік,
Бір қазақ жер бетінде қалғанынша.

1997


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіл мен Көкше – егіз ел өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Есіл мен Көкше – егіз ел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіл мен Көкше – егіз ел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есіл мен Көкше – егіз ел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері