Былғанышпын, әттең-ай, былғанышпын

Бұл бетте «Былғанышпын, әттең-ай, былғанышпын» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 557
Былғанышпын, әттең-ай, былғанышпын,
Шошаңдатам найзасын кір намыстың.
Қою шаңға белшемнен батып тұрып,
Шыңға да ұшқым келеді, шыңға да ұшқым.
Сақтай алмай періште-ақтығымды,
Кешіп келем өзіме жат ғұмырды.
Іздеп тауып, басыма қонып тұрып,
Әні басқа арымнан бақ түңілді.
Алдағанмен өзімді тазамын деп,
Қатал ойдан шегетін азабым көп.
Дарытып ап қылды да, қыбырды да,
Соным үшін жанымды қажадым кеп.
Жаздан жадау нұр сіңіп, күзден – күрең,
Жалықтым-ай таптаурын ізден кілең.
Өзім қолдан ұшырып алғаннан соң,
Періштелік әркімнен іздеп жүрем.
Басқа мінез жамайды жылдар маған,
Дегенімде тырысып тұрған болам.
... Мені қайта сәби ғып әлдилеші,
Қойнауына тазалық тұнған ғалам!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Былғанышпын, әттең-ай, былғанышпын өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Былғанышпын, әттең-ай, былғанышпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Былғанышпын, әттең-ай, былғанышпын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Былғанышпын, әттең-ай, былғанышпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері