Шартарапқа жол секілді таралған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Шартарапқа жол секілді таралған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 539
Шартарапқа жол секілді таралған,
Жазылады тарих ізі әр алуан.
Аңсап өткен күлкісін бір бақыттың,
Мен уақыттың көз жасынан жаралғам.
Көз жұмды әкем...
Осы күнді көп іздеп,
Ажырамас аспанмен жер егіз деп.
Қасіретті қара тасын ағызды -
Сол көз жасым күркіреген теңіз боп.
Кімге керек? жылағаным, күлгенім,
Ашылмайтын құпиям ғой бұл, менің.
Сансыз жарық жұлдыздарды санап көп,
Таңданады, күнде көрген Күнге кім
Жер бетінен не көрмеген аспаным,
Құбылады, арасында қас-қағым.
Тасқа тиген тамшыдай көз жасымды -
Бақытынан артық көрем басқаның...
Баба арманын, бір баламын түсінген,
Сол теңізден өз азығын құс ілген.
Өмірімді қияр едім... қиыннан -
Әрең жеткен, Еркіндігім үшін Мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шартарапқа жол секілді таралған өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Шартарапқа жол секілді таралған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шартарапқа жол секілді таралған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шартарапқа жол секілді таралған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері