Есейдім бе?

Бұл бетте «Есейдім бе?» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1569
Есейдім бе?
Өзгерді әйтеу танымым,
Әкемді де
Енді ғана таныдым.
«Ит басына іркіт төккен»
Күнде де,
Дәнеңесіз қалған менің халығым.
Қайран жұртым,
Басқа киген жарбайың,
Оңып күнге,
Далаңдайтын әрдайым.
Милығыңда тұрушы еді
Қайғы-мұң,
Оң бүйірден туатұғын бар ма Айым?
Мадақтадық
Бір кездері «тап» ұлын,
Содан ғана көретіндей тағылым.
«Шынжыр балақ, шұбар төстер»
Нақ солар,
Езгі көрдің,
Ес жия алмай халығым.
Лекторларың жаулады елдің
Нанымын,
«Тек Күн Көсем – көк жүзінде алыбың».
Ұғындырды.
КОКП-ның тарихын:
Өз тарихым деп түсінді
Халығым.
Тірлік солай:
Бірде – жоғың, бірде – бар,
Құдай берсе, бақ қонады
Іргеге әр.
КОКП жоқ,
«Содырлары» сойылшыл,
Аппаратқа қызметке кірді олар.
... Енді ол жерде
белгісіздеу кім болар?..


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есейдім бе? өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Есейдім бе? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есейдім бе? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есейдім бе? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері