Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 528
Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан.
Көңілдің айықтырып бұлтын басқан.
Кеудемде сайрағандай шыр-шыр етіп,
Даланың бозторғайы бір тынбастан.
Жеткізбес желге мініп өмір қусаң,
Қыры бар құпиялы көңілдің сан.
Жазықта шаңқай түскі шайқалып тұр,
Қайталап ырғағымды қоңыр жусан.
Жуғандай сол дауыспен көзімді шық,
Бұлқынып, аласұрам, төзім қысып.
Арман не, аспаныма сіңіп кетсем,
Алқызыл арман құшып, сезім құшып.
Басынан кеткендей-ақ бір күн өтіп,
Кішкентай көмейінен жыр дүр етіп.
Сайрайды бозторғайым шаңқай түсте,
Ауада қанаттары дір-дір етіп.
Төменге тігіп қойып көз жанарын,
Арқау боп әуеніне азғана мұң.
Кеудеме кіріп алып ән салғандай,
Титімдей бозторғайы боз даланың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері