Сия сауыттың паспорты – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сия сауыттың паспорты» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2535
(Ә. Тәжібаевтың 50 жасқа толған
мерекесінде оқылған өлең)
Шыңдарын аялаған аспан сүйіп,
Оралдың таулары бар асқан биік.
Жасаған шебер қолдар сол арада
Өзіңе сол сауытты тастан құйып.
Ол жерде фонтан болып ән атылған,
Жер-суы өлең сөзден жаратылған.
Сол жерде Златоуст шеберлері
Оралдың соққан мұны болатынан.
Тербетіп тұнық ойды тереңдегі,
Ақынның толқысын деп өлеңдері.
Сауытты жасап еді Орал таудың
Бүргені тағалаған шеберлері.
Өзіңді дәмеліге санап қойып,
Алдыңа Алатаудай талап қойып.
Салды олар өлең ата суретін,
Жазғын деп ұлы Абайға қарап қойып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сия сауыттың паспорты өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сия сауыттың паспорты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сия сауыттың паспорты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сия сауыттың паспорты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері