Дертiмнiң таппақ болып дауасына ем – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Дертiмнiң таппақ болып дауасына ем» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 821
Дертiмнiң таппақ болып дауасына ем
Сенi iздеп теңiз кешiп, тау асып ем.
Таптым да,
Тапқаным сол – тыныстаймыз
екеумiз бiр қаланың ауасымен.
Жүрсек те бiр қаланың татып дəмiн,
Бiлсек те бiзге лайық бақыт барын,
Тағдырға мойынсұнған момындардай
Тақпаймыз өтiп жатқан уақытқа мiн.
Жырақтап жасыл барқыт бағым менен,
Бүгiнде жылжимын жай ағынменен.
Сен кейде жолда жалғыз кездесесiң
Мен кейде келе жатсам жарымменен.
Өртенiп жар төсекте жалын – денең
Сеземiн, безе алмайсың, жаным, менен.
Мен кейде жолда жалғыз кездесемiн
Сен кейде келе жатсаң жарыңменен.
Жаңылып жүрдек жүрек дүрсiлiнен,
өтемiн.
Сен қаласың күрсiнумен.
Ерте өнiп мезгiлiнен сөнiп қалды-ау
Бiр тал гүл көктей алмай бүршiгiнен...
Бiз – кеме,
Тағдыр деген – терең теңiз,
Алыста керiм көктем, кең өлкемiз...
Iлесiп бiзбен бiрге қайда барсақ
Қалмайды қасымыздан көлеңкемiз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дертiмнiң таппақ болып дауасына ем өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Дертiмнiң таппақ болып дауасына ем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дертiмнiң таппақ болып дауасына ем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дертiмнiң таппақ болып дауасына ем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері