Ақбидай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақбидай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2210
Барсаң сәлем айта бар асыл тасқа, Ақбидай,
Мақсатым көңілде жоқ сізден басқа, Ақбидай.

Қайырмасы:
Ғашық жар, сәулем-ай!

Он бесінде осы айдың біз барамыз, Ақбидай,
Ден сау болса, салдырап қиғаш қасқа, Ақбидай.

Қайырмасы:
Ғашық жар, сәулем-ай!

Мына беткей қай беткей, құба беткей, Ақбидай,
Ер жігітке мал қайда талап етпей, Ақбидай.

Қайырмасы:
Ғашық жар, сәулем-ай!

Менің, сірә, көңілім басылмайды, Ақбидай,
Кербезімнің тұсынан жанап өтпей, Ақбидай.

Қайырмасы:
Ғашық жар, сәулем-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері