Ойқамау – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ойқамау» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Жатсам ұйқым келмейді таң атқанша,
Таң шапағы тауға нұр таратқанша.
Қайдан көңіл көншісін,
Өткен күнмен
Өмірімнің кітабы парақталса...
Өмірімнің кітабы...
Сазды, мұңды
Жылатар да жұбатар базбіріңді.
Қай ұрпаққа үлгі етіп қалдырмақпын,
Бейнеті көп, зейнеті аз ғұмырды?
Өмірімнің кітабы – сырлы, мұңлы.
Түңілумен түгестім тірлігімді.
Халқым, сенің қайтейін көз жасыңды?
Алтын, сенің қайтейін сыңғырынды?!
Жатсам ұйқым келмейді таң атқанша,
Таң шапағы тауға нұр жалатқанша.
Рухымның көзімен, кəне, шіркін,
Қарап тұрсам жаһанға Жаратқанша!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойқамау өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ойқамау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойқамау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойқамау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері