Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 872
Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол!
Балқып жатып жаныңда оянушы ем...
Баяғы сол қалпыңа келер ме едiң,
Жаратқанға жаныңды жая бiлсең?
Бəрi өткен бе,
Құдай-ау, бəрi өткен бе?
Тап болғандай жайым бар тар өткелге.
Жер түбiнен шырқырап жетушi едiң,
Шақалақтай жүрегiм шар еткенде.
Қайда қалған сол күндер, қайда қалған?
Жанымызды қай iндет жайлап алған?..
Қансыз-сөлсiз дүние-ай,
Қайыршының
Қара бақыр құнындай майдаланған.
Перiште боп тумайды кiм анадан?
Пендесiң деп ешкiмдi кiнəламан.
Қаймананы қаңбақтай қақпақылдап
Қайда əкетiп барады мына заман?
Ақылды алтын,
Билесе сезiмдi ақша,
Өзге – жаман,
Өзгеден өзiң жақсы, ə?!
Жүректердiң түбiнде Төбе бидей
Түгесiлмес, түңiлмес Төзiм жатса!
...Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол,
Мейiрiмдi ең,
Абзал ең,
Аяғыш ең...
Қайғысын ба, мұңын ба, қамсызын ба –
Жүрегiңнiң қаладың қай əнiн сен?
Шыныңды айтшы?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол! өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баяғы сол күнiң-ай, баяғы сол! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері