Борсық – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Борсық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2615
Қулықпенен табады
Қорегінің өзін де.
Құйрыққа ауыз салады
Қойлар жатқан кезінде.
Түндерін ол өткізер
Сол құйрықты сорумен.
Күндерін ол өткізер
Жемтік-жемін торумен.
Жазын түгел өткізер
Қамсыз-мұңсыз сиқымен.
Қысын түгел өткізер
Қараңғы інде ұйқымен.
Бар ғұмыры осылай
Өтеді бір тер шықпай.
Сондықтан да, досым-ай,
Борсық деген борсықтай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері