Ғашық болу – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ғашық болу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.05.2020
  • 1
  • 0
  • 7849
Ғашық болу...
Емес ол тасып-толу.
Қамкөңілдің дауасы—қасықтағы у.
«Көлеңкемді көмген жан өлмесін...» деп
Көз ұшынан көш ұзап қашық қону.

Ғашық болу...
Емес ол өліп-талу,
Өксу,
жану,
өртену,
сөніп қалу...
Маң далада Мәжнүннің шерін шертіп,
Не салса да тағдырың, көніп бағу.

Ғашық болу...
Емес ол талып қалу,
Жаратқанның жарлығы—жанып, тоңу.
Әр күніңнің қабағын көзбен бағып,
Тағдырыңның азабын анық тану.

Ғашық болу...
Емес ол талып түсу,
Жанған отты жалаңаш барып құшу.
Қосағыңмен қоштасар күн туғанда
Қос жанардан қос жұлдыз ағып түсу...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашық болу өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ғашық болу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашық болу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашық болу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері