Бұл бетте «Екіжүзді» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басыңа бақ қонса
Көлеңке сияқты қалмастан
Ерiп жүредi.
Сен дегенде
Жанын берердей боп
Өлiп жүредi.
Жаудан қорғайтын
Қамалдай болады.
Табаныңды
Жалардай болады.
«Жат!» десең
жатады
«Қап!» десең
қабады.
Қолды-аяққа тұрмай
Сыныптай
Сырғып тұрады.
Жүн-жұрқаңа дейiн мақтап
Жыр қып тұрады.
Қаласаң –
Иненiң көзiнен өтетiн
Жiп болады.
«Бүк!» десең «бүк»,
«Шiк!» десең «шiк» болады.
Басыңнан бақ тайса –
Тезегiне қарағандай
Айналып қарамайды.
Өмiрi көрмегендей
Сәлемге жарамайды.
Құласаң –
Басыңнан аттап кетедi.
Темекiнiң тұқылындай
Таптап кетедi...
Қайтадан тұрып кетсең
Жайраңдап
Күлiп келедi...
Бұл адам –
Адамды! –
Оп-оңай сата салатын
Мүлiк көредi.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі