Ауыл кеші
- 0
- 0
Қастерлеген хатыңды, бағалаған,
аман-есен мұндағы жаман ағаң.
Қақпақылдап тынымсыз жел – уақыт,
қаңбақ – күндер келмеске домалаған.
Бұл бетте «Уақыт» атты aidaorynbasar жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
aidaorynbasar — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде aidaorynbasar өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Ауылдың тіршілігін бақылаңыз,
әр күні – шешен-ертек, ақын-аңыз...
Ащы-ащы шай ішіп кешкілікте,
тәтті-тәтті Ой ойлап отырамыз.
Нені көрмек төлші қыз қол айнадан?
Малда жүріп жан бар ма қараймаған...
Боз саулықтар сүзісіп жатыр сыртта,
бойларында арқардың қаны ойнаған.
Төл науқаны ұлғайтар іс көлемін.
Төбемізде – түйе-бұлт, кішкене Күн.
Күні бойы қой бағып,
түні бойы
Қап-қараңғы үрейдің арқасындай
мына Түннен азырақ қорқасың да.
Күлген сайын сырттағы күрең боран,
Жын жылайды пешіңнің қолқасында.
асем
керемет