Қамап қойып ішіне тас қамалдың

Бұл бетте «Қамап қойып ішіне тас қамалдың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 818
Қамап қойып ішіне тас қамалдың,
Тағдырымды табанға тастаған кім?
Енді кімге айтамын арманымды? –
Мен өзімнен бүгінде басқа адаммын!
Екі тумақ пендеге ылайық па?
Оны кімнен –
Тəңірден сұрайық па?
Өз болмысын жоғалтқан бейшараны
Хақтан өзге бұйырмақ кім айыпқа?!
Таққа бола,
Таласқан баққа бола
Кімнің жаны жібиді жат балаға?
Кешіре гөр ұлыңды, Аппақ Ана,
Кешіре гөр құлыңды, Хақ тағала...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қамап қойып ішіне тас қамалдың өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қамап қойып ішіне тас қамалдың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қамап қойып ішіне тас қамалдың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қамап қойып ішіне тас қамалдың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері