Достастырып орыс

Бұл бетте «Достастырып орыс» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2126
Достастырып орыс,
Үнді,
Негрді,
Бейбіт. әуен әлдилейді өңірді.
Кім сүймейді?
Жұрттың бәрі сүйеді:
Сен сүйесің,
Мен де сүйем өмірді!
Сүйем мен де жастық шақтың арайын.
Сүйем мен де сұлу неке сарайын...
Анамыздай
Айналайын өмірдің
Сүйемін мен әр аптасын,
Әр айын!
Сүйем мен де тыныш тірлік аспанын.
Сүйем елдің құмын,
Сазын,
Тастағын!
Әкеміздей
Әзиз мына өмірдің
Сүйемін мен әрбір сәтін қас қағым!
Бүкіл тірлік — масағында бидайдың.
Бидай үшін жанымды мен қинаймын.
Бірақ осы
Жарымыздай өмірдің
Азабының өзін тіпті қимаймын!
Ел алдында болған ылғи жақсы атты
Өз қамы үшін қашан жұртты қақсатты?!
Мақсат үшін қия аламын өмірді,
Тірлік үшін қия алмаймын мақсатты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достастырып орыс өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Достастырып орыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достастырып орыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Достастырып орыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері