Сенде – лəззат – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сенде – лəззат» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 762
Сенде – лəззат,
Сенде – ақыл,
Сенде – көрiк.
Сен – Перiште,
Мен жүрмiн пенде болып.
Алмай қоймас ажалдың елшiсiндей
Ауруымнан айықтыр,
Емде келiп.
Көбелектей, тым құрса, көзге көрiн,
Жебеушiм жоқ өзiңнен өзге менiң.
Қанатыңмен желпiсең жан отымды,
Қара түннен жарыққа кез келемiн.
Қалыңдатпа қайғымды,
Қамықтырма.
Көп күттiрме,
Шектен тыс зарықтырма.
Қара түнде қарманып iз кеспесем,
Жарқ етпесi белгiлi жарықтың да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенде – лəззат өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сенде – лəззат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенде – лəззат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенде – лəззат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар