Анама – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Анама» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сен барда балалық бақыттың тарқамас базары,
Анашым!
Сияпат құрметім аз әлі.
Бара алмай жүрсем де Меккеге арқалап,
Білемін,
қалқайып жүргенім сен үшін салтанат.
Белгілі, қашанда шың біреу, етек көп,
Сол шыңға үмітің келеді жетектеп.
Арқамда парызым,
алдымда ақ үміт,
Астымда сенімді арғымақ ары нық.
Мойныма сен артқан салмақты үмітің.
Жыраққа,
тұғырлы тұраққа жетелеп күні-түн.
Жұмақты мекен боп жүргенде ой бағы
Сол үміт кеудемнен итеріп кетпесе болғаны.
Анашым,
жүрме тек бізді ойлап жүдеп тым,
Мен жалғыз емеспін,
жанымда жыр-екпін.
Жүректің қас жауы – нұрсыз Күн, тоңғақ Ай,
Арымның сыншысы – Ақ үміт,
Алдамшы болмағай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анама өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Анама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері