Тарқатшы бұрымыңды, тоты құсым – Жүсіп Қыдыров

Бұл бетте «Тарқатшы бұрымыңды, тоты құсым» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Тарқатшы бұрымыңды, тоты құсым,
Ұнайды маған солай отырысың.

Айналдым мен керiлген қабағыңнан,
Жүректi көздеп атқан жанарыңнан.

Тарқатшы маған айтып сен мұңыңды,
Аялап мәпелейiн мен гүлiмдi.

Айналдым тал бойыңнан, тал шыбығым,
Көктемде сөнбейтiн боп жаншы, Күнiм.

Тарқатшы буған-түйген ашуыңды,
Маған-ақ тасташы сол жасыныңды.

Айналдым әзiлiңнен, әдебiңнен,
Ғашықтық, сен осындай әдемi ме ең?!

Тарқатшы бұлтың болса көңiлiңде,
Мөп-мөлдiр көргiм келер сенi күнде.

Айналдым күлуiңнен, қылығыңнан,
Айналдым тарқатылған бұрымыңнан.

Тарқатшы, тарқат бәрiн, тоты құсым,
Керемет сенiң осы отырысың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарқатшы бұрымыңды, тоты құсым өлеңінің авторы кім?

Жүсіп Қыдыров — осы өлеңнің авторы.

Тарқатшы бұрымыңды, тоты құсым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тарқатшы бұрымыңды, тоты құсым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүсіп Қыдыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тарқатшы бұрымыңды, тоты құсым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері