Мен сенсiз қалай күн көрем – Жүсіп Қыдыров

Бұл бетте «Мен сенсiз қалай күн көрем» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1030
Мен сенсiз қалай күн көрем,
Ойлаймын сенi күнде мен,
Ойлаймын сенi түнде мен,
Мұңымды айтам кiмге мен
Жан адам көрiп-бiлмеген?
Мен сенсiз қалай күн көргем?
Мен сенсiз қалай күн көрем?



Жоқ болсаң, жаным, қасымда:
Көктемге мынау сенбеймiн,
Жолдарды жасыл көрмеймiн.
Адыра қалған көлдеймiн.
Ағылып келiп, аңғардан
Соға алмай қалған желдеймiн,
Мен сенсiз қалай күн көрем?!



Жоқ болсаң, жаным, қасымда:
Ағарып таңым атпайды,
Бұлағым ойнап ақпайды,
Аспаным шақпақ жақпайды,
Тауларға бiткен сәмбi тал
Тамшыдан моншақ тақпайды.
Мен сенсiз қалай күн көрем?!



Жоқ болсаң, жаным, қасымда:
Жет бетi гүлiн ашпайды,
Жұпарын маған шашпайды,
Тарылып көңiл, таспайды.
Қиянға барар созылып
Қырлардан жолым аспайды.
Мен сенсiз қалай күн көрем?!



Мен сенсiз қалай күн көрем,
Жадымда жүрсiң күнде сен,
Жадымда жүрсiң түнде сен,
Күн болып мен де күлмес ем,
Су болып жерге сiңбес ем,
Құм болып, нуды бiлмес ем,
Тау болып, таққа мiнбес ем,
Мен сенсiз қалай күн кешем?!
Қасымда жүршi, ғашығым,
Жер басып маған жүр десең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сенсiз қалай күн көрем өлеңінің авторы кім?

Жүсіп Қыдыров — осы өлеңнің авторы.

Мен сенсiз қалай күн көрем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сенсiз қалай күн көрем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүсіп Қыдыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сенсiз қалай күн көрем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері