Неге кенет күрсiндiң? – Жүсіп Қыдыров

Бұл бетте «Неге кенет күрсiндiң?» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 498
Неге кенет күрсiндiң?
(Сен күрсiнсең – қала ма ес!)
Ұшығы ма бiр сырдың,
Айтылмаған маған еш.

Мен бiле алмай әуремiн,
Үндемейсiң тiс жарып.
Мына ғұмыр – дәуренiм
Кеткендей ме қысқарып.

Неге өкiндiң уһiлеп,
Арман еттiң сен ненi?
Қырық қабырғам күтiрлеп,
Жан қысылып терледi.

Таусылды ғой амалым,
Таба алмадым себебiн.
Өзiм күйiп-жанамын,
Оны өзiмнен көремiн.

Махаббатсыз өлер ер,
Басқасына көнер ер.
Тiрлiк етiп не керек,
Мен күрсiнтсем сенi егер.

Неге оқыста күрсiндiң,
Толы едiм – ортамын.
Айтылмайтын бiр сырдың
Лебi ме деп қорқамын.

Мен отырмын жалғаннан
Аза бойым қаза боп.
Сыр айтпасаң сен маған,
Одан артық жаза жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге кенет күрсiндiң? өлеңінің авторы кім?

Жүсіп Қыдыров — осы өлеңнің авторы.

Неге кенет күрсiндiң? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге кенет күрсiндiң? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүсіп Қыдыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге кенет күрсiндiң? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері