Арман емес сақал-шашың ағарған – Жүсіп Қыдыров

Бұл бетте «Арман емес сақал-шашың ағарған» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 680
Арман емес сақал-шашың ағарған,
Арман емес алтын көмбе таба алған.
Сағыныштың жасын төгiп жанардан,
Арман емес ел, жер көрiп оралған.

Аппақ таңда соңғы iз кесiп сонардан,
Ақ түлкiге ғашық болу – сол арман!

Маңдайыңда сор болмаса бес елi,
Шын махаббат соқпай кетпес деседi.
Сонда сенiң ойың, бойың өседi,
Құлазыған жер құлпырып кешегi.

Аппақ таңда соны iз кесiп сонардан,
Күйiп-жанып ғашық болу – сол арман.

Ғашықтықтың шарапаты ғажайып,
Ей, ақындар, соны әдемi жазайық!
Ғашық болсаң түн түнегi азайып,
Шыға келер жаның кiрден тазарып.

Аппақ таңда соны iз кесiп сонардан,
Өлiп-өшiп ғашық болу – сол арман.

Ғашық болсаң тарқамайды базарың,
Көтересiң не бiр түрiн жазаның.
Риза болып аттанасың өмiрден,
Бүгiн келiп қалса дағы ажалың.

Сүйдiм сенi, сүйдiм сендей әлемдi,
Армансызбын,
Армансызбын мен ендi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман емес сақал-шашың ағарған өлеңінің авторы кім?

Жүсіп Қыдыров — осы өлеңнің авторы.

Арман емес сақал-шашың ағарған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман емес сақал-шашың ағарған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүсіп Қыдыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман емес сақал-шашың ағарған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері