Арыстанбай асуы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Арыстанбай асуы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2059
Әлдекімге төнгендей,
Бетіне шығып ашуы.
Жататұғын жол бермей
Арыстанбай асуы.
Тұйықталып бір жола
Адырын жан баспаған.
Сусыз, нусыз, қу дала
Ұйқыдан көз ашпаған.
Асуы алпыс шақырым
Жоталы адыр, жолы ұзақ.
Жалап жалаң тақырын
Соғатұғын аңызақ.
Жаңа өмір — жаңа адам,
Қолқасына қол салды,
Қан тамырдай тараған,
Тұс-тұсынан жол салды.
Бұлтқа ұласып адырда,
Будақтаған шаң қалды.
Арыстандай арынға —
Арыстанбай таң қалды.
1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арыстанбай асуы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Арыстанбай асуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арыстанбай асуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арыстанбай асуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері