Іздемесем шарқ ұрып, кез келмес те ең – Жүсіп Қыдыров

Бұл бетте «Іздемесем шарқ ұрып, кез келмес те ең» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 579
Іздемесем шарқ ұрып, кез келмес те ең,
Тауып алғам мен сені көз көрместен.
Өзгерсе де дүние, жап-жас күйде
Махаббатым қалады өзгерместен.

Жан едім мен жаһанды кезген, кешкен,
Сені көріп, шығардым өзгені естен.
Өзгерсе де дүние, қызыл шоқтай
Қызғанышым қалады өзгерместен.

Көркіңе мен ғашықпын көзден көшкен,
Адам менен уақыт безбендескен,
Өзгерсе де дүние, жүзге келіп,
Тұрардайсың уылжып, өзгерместен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іздемесем шарқ ұрып, кез келмес те ең өлеңінің авторы кім?

Жүсіп Қыдыров — осы өлеңнің авторы.

Іздемесем шарқ ұрып, кез келмес те ең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іздемесем шарқ ұрып, кез келмес те ең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүсіп Қыдыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іздемесем шарқ ұрып, кез келмес те ең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері