Тағдырға тілек – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Тағдырға тілек» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Жырым ғой тәтті мендегі нәзік сезімдер,
Болғанмен нәзік таусылған емес төзімдер.
От жырым қалсын жалынды жастық кезімнен,
Ей тағдыр маған сезімнің ғана өзін бер!

Қап-қара түнмен жұлдызың болып тілдесіп,
Жап-жарық күнде тауыңмен бірге мұң кешіп.
Көктемгі таңмен самалың болып үндесіп,
Кететін кұш бер табиғатпенен бірлесіп.

Тартпайын мейлі шаттықтың әсем сырнайын,
Шабыт бер маған бәрін де бәрін жырлайын.
Жүрегі жасыл ал өзі мәңгі кіршіксіз,
Сыбдыры ғажап болайын сырлы бір қайың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдырға тілек өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Тағдырға тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдырға тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдырға тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері