Қайта құру – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қайта құру» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 818
Қайта құру – бар қалпыңмен жаңарып,
Жарқын жолға түсу қолға шам алып
Шыққан сынды айналаңды айқындап,
Шын арылу көң-қоқыстан тазарып.
Қайта құру – өз бойыңнан күш тауып
Күресе алу,
сенім мықты еш қауып 
Күтпегенде, қайсы тұста неліктен
Әділдіктің таразысы түсті ауып.
Қайта құру – адалдыққа бет бұрып,
Ашық сөйлеу,
ақиқатты шеп құрып
Қорғау,
адам төмендетпей өресін,
Айту «мынау кемістігің» деп тұрып.
Қайта құру – ар бетіне тік қарап
Үйрену,
сол сүрінуден құтқарад.
Серіктесу, ұжданменен достасу,
Бұра тартпау түзу жолдан бұқпалап.
Қайта құру – әділдікпен танылу,
Жалтақтардан, жағымпаздан арылу.
Күн көріске құл боп тізе бүккенше,
Аш қалып-ақ тік тұру, ақ жарылу,
Қайта құру – әділдікпен танылу,
Үймеу маңға,
опасы жоқ тайғанақ
Жолға түспеу әпермейтін абырой,
Жіберетін ірілікті майдалап.
Қайта құру – арылу ол масылдан,
Атағымен масылдығын жасырған.
Күреп алып машықтанған маңынан,
Мал құлынан қалған екі ғасырдан.
Қайта құру – нығайта алу достықты,
Кеше ағалар дән бөлісіп ас қыпты.
Ғасыр бойы мызғымаған дәстүрге
Мегзеу қаулап келе жатқан жастықты.
Қайта құру – арқа сүйеу қауымға,
Қауым ғана төтеп берер ауырға,
Не тұйықтан алып өтер жол тауып,
Адастырмас ақ шырақ сол дауылда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайта құру өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қайта құру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайта құру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайта құру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері