Бұл бетте «Қанатты қыз болсам…» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 24.09.2024
- 0
- 0
- 2173
Қанаты бар қарғалардың,
Қанатым жоқ неге менің?
Таңғалдырып балаларды,
Ұшып мен де көрер едім.
Ұшып жүрсем мен де тынбай,
Көк аспанға қарап олар:
«Ләйлә қыздың қанатындай
Қанат керек», – дейтін болар.
Ертек сүйгіш бар ғой бала,
Аңыз ғылып айта берсең.
Ұшып барып ауылға да,
Алматыға қайта келсем.
Көк аспанда еркін жүзіп,
Дүниені араласам.
Содан кейін бақшамыздың
Ауласына қона қалсам.
«Қанатты қыз ұшып кетті,
Қараңдаршы, орман, өзен.
Менің Ләйләм құс боп кетті», –
Деп жылай ма Күлтай әжем?
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі