Қанатты қыз болсам… – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қанатты қыз болсам…» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мынау – менің құндақтаулы жатқаным,
Ана сүтін тұңғыш рет татқаным.

Мынау – менің өзім және бесігім,
Елеңдеймін айтылғанда есімім.

Содан кейін, сірә, біраз жыл өткен,
Мына менің отырғаным түбекте.

Ал мынау – бір жүрген кезім еңбектеп,
Ұмтылғаным сүт құюлы шөлмекке.

Мынау – енді тәй-тәй басып жүргенім,
Мынау – анам, оң жағымда тұр менің.

Сондай-сондай толып жатыр сәттерім,
Ойыншықтар: түйе, сиыр, ат керім!

Бүгін емес,
Ертеңімді уайымдап,
Келешекке қойдым орын дайындап.

Онда былай жазылады:
«Марстан
Қайтқан қазақ ғарышкері – Арыстан!»

Дәл осылай өсіреді мені елім,
Дәл осылай боларыма сенемін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері