Айналайын, Қарасаз! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Айналайын, Қарасаз!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 715
Қайыл қалып тыңдайтын қарындастар қаракөз
Саған арнап келіп ем дақпырты жоқ дара сөз:
Мұқым елдің тұқымы түтініңе еліткен
Айналайын, жұпыны аманбысың, Қарасаз?!
Хан бар ма екен өмірде салмағы кем, санасы аз?
Жан бар ма екен өмірде жүрегінің жарасы аз?..
Аламанға бітімі алабөтен ат қосқан
Аманбысың үкілі, айналайын, Қарасаз?!
Сол аламан-аламан жаңғырыққан жаңадан,
Опа-далап жағынған қашып шықтым қаладан:
Ақиықты көрсем деп дəріс алған данадан,
Сəйгүлікті көрсем деп бауырынан жараған.
Шырайланып Шығыс жақ – шымқай күрең,
шым-шым көк,
Шарт буынған шабандоз шаңқанбозға мінсін кеп!
Тұрайын деп ұмтылған Райымбек бабаның
Соғып тұрсын жүрегі сом балғадай дүрсілдеп!
Елік-көңіл елге аян, желік-көңіл желге аян.
Келбетіңді көрейін, кел, Қыз Жібек, кел, Баян!
Ертегіге алданған, ертеңіне жалданған
Ел еңсесін көтерді, ей, Ақыным, сен де оян!
Бойлат мынау жұртыңды жүрегіңнің түбіне,
Назарыңнан қалмасын намыссыздың бірі де!
Судан шыққан суырдай, ел апшысын қуырмай
Байшыкеш пен бишікеш қайта кірсін ініне!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналайын, Қарасаз! өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Айналайын, Қарасаз! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналайын, Қарасаз! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналайын, Қарасаз! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері