Исамен кездесу – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Исамен кездесу» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2681
Алматыда декабрь, көк сылпылдақ,
Исекең өлеңімді отыр тыңдап.
Кездессе жақсы жолға жас балаша,
Жайнайды жанарынан от жылтылдап.
Алысқа тартып отыр ойы өрнек,
Қояды кей өлеңнің жолын өңдеп.
Шақырды сұр шинельді бір жігітті,
Жақсы ақын жаңа келді қолың бер!— деп.
Қағаз бен қарындашы дайын екен,
Оқы деп айтпады ол жайын бөтен.
Артынан бірақ білдім сұрастырып,
Қаскелең Военкомы Тайыр екен.
Жарылып адалынан қуана кеп,
Қолымды алып жатыр «қу бала!»— деп.
Исекең нұқып қалды иығымнан,
Ұнатты өлеңіңді бұл ағаң деп.
Өлімді кім ойлапты ол тұсында,
Ақын жан көңілді ғой болмысында.
Исекең екеуміз де қол қысыстық,
Сол екен тұңғышы да, соңғысы да.
Бөленген ақын еді жаны жырға,
Қалайша қалған тұнып қабырында.
Өр өлең осы арада жатыр-ау деп
Батамын бір тұңғиық ауыр мұңға.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Исамен кездесу өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Исамен кездесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Исамен кездесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Исамен кездесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері