Талант

Бұл бетте «Талант» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3113
(Лермонтовқа)
Шын таланттың ақшасы да болмайды,
Шын таланттың бақшасы да болмайды.
Жағымпаздық сый өлеңі болмайды,
Жалғыз өзі, сүйенері болмайды.
Шын талантқа алдына алса аспан бар,
Бұлт көзінен қарызға алса жастар бар:
Ол — асқар тау, ол —бір мұхит, ол — орман
Жүрегінде жайқалады жас талдар.
Жалғыз өзі құшақтаған соң Күн, Айды,
Ол кімдерден жәрдем, көмек сұрайды.
Ол өлгенде жер жатады бусанып,
Ол өлгенде аспан ғана жылайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талант өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Талант өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талант өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талант өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері