Саған сәлем, туған ел

Бұл бетте «Саған сәлем, туған ел» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1036
Төбесі күміс жамылған,
Кеудесі күнге шағылған,
Кек шатырлы Алатау —
Көк шаңырақ ақ отау,
Сәлем ап келдім шалғайдан
Көңілге медеу болған ел!
Майданды сонау даладан,
Оқ тескен тасын қаладан,
Аяздай, жауға үскірген —
Құрсанған қызыл әскерден
Сәлем ап келдім, туған ел!
Мұнайын шыңырау бұлақтан
Фонтандата құлатқан,
Көк қорғасын қорытқан,
Күркірей жауға оқ атқан,—
Саған сәлем, тыңда, ел.
Көк болатпен құрсанған,
Көк толқыны бусанған,
Жау қолынан босанған
Көк Еділден нұр шалған
Саған сәлем, тұлғалы ел,
Жауын қуған Еділдің,
Бойындағы елімнің
Сталинград береннің
Қаласы сәлем деген күн
Белін бекем буған ел!
Жаудан алған жарасын,
Жазып,
түзеп қаласын
Жұбатып бала - анасын,
Гүлденуге даласын,—
Құлшынды қаптай қордалы ел!
Зауласын күшті заводтар,
Құйылсын таудай танктер.
Құрыштан қамал құрған ел!
Біз майданда,
сіз тылда,
Бәріміз бір қимылда,
Біз окопта жатсақ та,
Атакаға шапсақ та
Күш бердің дабыл ұрған ел.
Алтынды, мысты далалы,
Алмалы, баулы қалалы
Өскен жер — ыстық, жан анам,
Жауынгер ақын мен балаң
Сәлемін, саған арнады ел!

1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған сәлем, туған ел өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Саған сәлем, туған ел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған сәлем, туған ел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған сәлем, туған ел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері