Құдай туралы жыр – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Құдай туралы жыр» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5726
Құдай, сені жоқ деп жүр ғой адамдар,
Құдай, сені жоқ деп жүр ғой надандар
Жұдырықтай жердің тұрғындарына
Барлығыңды дәлелдеуге шамаң бар.
Талтаңдаған сан миллиард кеудені,
Төресінген топастарды төрдегі —
Тәнті қылшы;
Хақтығыңды дәлелдеп,
Тас - талқан ғып хайуандарды жердегі.
Ол үшін де қажет Сенің күлуің,
Мазақ қылып көрбақтардың қылығын.
Жалғыз сәтке пайда бол да аспанда
Қарқылдап бір күлші, Құдай — Ұлығым!
Басқа құл да,
Өзі ғана тектідей
Төбесімен жүргендерге көк тірей;
"Кісің - мен!" — деп,
Ісінген көп мешінге
Қарқылдап бір күлер кезің жетті ғой!
Күлші, Құдай!
Соған Күн мен Ай құштар,
Ай, Күнге де тор — тұзағын жайды іштар.
"Бір - бір құдай санап жүрген өздерін"
"А, Құдайлап" өліп кетсін байғұстар.
Сөйлегін жердегі бар не тілде,
Бір рет күл, жоқ болып кет, өкінбе.
Сен күлгенде өлмей қалған
Адамдар —
Өмір сүрсін сорлы Жердің бетінде!..

13.01.1982 ж. Алматы 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдай туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Құдай туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдай туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдай туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері