Сыр – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Сыр» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3034
Тұлпарым тізгінін сүзіп,
Көктемде бір келіп кеткем.
Мен сонда үздігіп күліп,
Күлкіме тұрды еріп көктем.
Күн жағып отын ерінге,
Көзіңнен нұр тұнып тамды.
Қос кептер көкірегінде
Кенеттен бұлқынып қалды.
Көздерден қысылып, күнім,
Боз үйге кідіріп кірдің.
Сырыңды түсініп бүгін,
Жайыңды ұғынып тұрдым.
Көркейіп қырқам да гүлмен,
Ғажабын танытқанда алап—
Мен жаққа Тұлпарға мінген,
Тұрғансың жабықтан қарап.
Пәк көңіл кір жасыра ма,
Сырыңды мен алып кеттім.
Шат жанның сырласы—дала...
Құйғытып, жоғалып кеттім!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері